русский язык
Бокс

Боксшыларды «қатындарға» теңеген «Найманды» Елеусінов жекпе-жекке шақырды

Боксшыларды «қатындарға» теңеген «Найманды» Елеусінов жекпе-жекке шақырды

Кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусінов пен ережесіз жекпе-жек майталманы Қуат Хамитов арасында дау туды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бәріне себеп, «Найманның» Instagram әлеуміттік желісіндегі парақшасында кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің жеңісі жайында салған суреті. «Головкин бокста қалған жалғыз еркек. Нағыз еркектері бар ММА-ге ауыс Tripl G. Саған қыздардың жанында орын жоқ!» деп жазылған суретке боксшы Дәурен Елеусінов:

«Қуат сен қуады екенсің. Көпке топырақ шашпа. Бокс қыздарға арналған болса, кел, үш раундтан тұратын спаррингке шақырамын. Шетелдіктерге еліктеп, мұндай пиар жасағаның жарамады. Ешкімге еліктемей, қазақ деп тұрсаң, сені жарнамасыз-ақ ел сүйер еді. Бұл ісіңмен өз спортыңның деңгейін түсіріп жатқаныңды ұмытпа», - деп пікір қалдырған.

Қуат Хамитовтың Instagram желісіне жүктеген суреті

 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;