русский язык
Бокс

Сергей Ковалев: «Альварес пен оның командасы Головкинге қарсы жекпе-жекті созып жүр»

Сергей Ковалев: «Альварес пен оның командасы Головкинге қарсы жекпе-жекті созып жүр»

Жартылай ауыр салмақ дәрежесінде WBA, IBF пен WBO чемпионы ресейлік Сергей Ковалёв (29-0-1, 26 КО) қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы болуы мүмкін жекпе-жек жайлы өз пікірін айтты, деп хабарлайды vringe.com.

«Геннадий Альваресті жеңетініне сенімдімін. Қос боксшы да өте мықты әрі қауіпті. Біріншісінің тәжірибесі көп болса, екіншісі жас. Саульдің бұл жекпе-жекті не үшін созып жүргенін білемін. Мэйвезер мен Пакьяо арасындағы жекпе-жекті бокс жанкүйерлері қанша күтті? Жеті жыл ма? Қос боксшы бұл кездесу үшін қомақты жалақы алған болатын. Альварес пен оның командасы Головкинмен жекпе-жекті созуда. Олар бұл кездесуден көп ақша алғысы келеді», - деді Ковалев. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;