русский язык
Бокс

WBA президенті: «Джейкобс - Головкиннің міндетті қарсыласы»

WBA президенті: «Джейкобс - Головкиннің міндетті қарсыласы»

WBA президенті Джильберто Мендозаның айтуынша, егерде Геннадий Головкин WBC чемпионы Сауль Альвареспен жекпе-жек ұйымдастырмаса, қазақстандық боксшы Дэниел Джейкобспен кездесуге мәжбүр болады, деп хабарлайды championat.com.

«Джейкобс - Головкиннің міндетті қарсыласы. Бірақ біз WBC мен Канело арасындағы жағдайға араласқымыз келмейді. Маурисио Сулейманмен кездесіп, бұл мәселені шешуге тырысамыз», — деді Мендоза Boxing Scene сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин кеше ғана IBF тұжырымы бойынша міндетті қарсыласы Доминик Уэйдті жеңген болатын. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;