русский язык
Бокс

Генадий Головкин жеңісінен соң әрдайым анасына бірінші хабарласады

Генадий Головкин жеңісінен соң әрдайым анасына бірінші хабарласады
WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық боксшы Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, 2 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
 
ҚазАқпараттың хабарлауынша, жеңіске жектен Генаның анасымен  «Таңшолпан» бағдарламасында тікелей эфирде байланыс орнатып, қандай әсерде отырғанынан хабардар болдық, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі.
 
«Қазіргі уақытта мен қатты қобалжып отырмын, Гена босаған соң ең алдымен маған хабарласып, қуанышымен бөліседі. Мен ұлымның барлық жекпе-жегін өткізбеуге тырысамын, әр кезде уайымдап отырамын. Барлық қазақстандықтарға қолдау көрсеткендері үшін үлкен алғысымды білдіремін» - деп Геннадий Головкиннің анасы Елизавета Сергеевна Головкина «Қазақстан» Ұлттық арнасының тікелей эфирінде қуанышымен бөлісті.
 
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;