русский язык
Бокс

Арыстанбек Мұхамедиұлы Головкинді жеңісімен құттықтады

Арыстанбек Мұхамедиұлы Головкинді жеңісімен құттықтады

Бүгін кәсіпқой мансабында 35-жеңісіне қол жеткізген Геннадий Головкинді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы алғашқылардың бірі болып құттықтады.

«Сізді кезекті 35-жеңісіңізбен құттықтауға рұқсат етіңіз! Сіз біздің еліміздің мақтанышысыз. Сіздің «GGG» атыңыз Қазақстанның ұлттық брендіне әрі нағыз ұлтжандылықтың үлгісіне, Отанына деген махаббат пен адалдықтың символына айналды. Қазақстанда Сізді үлгі тұтатын жаңа буын өсіп келеді.

Сіздің жеңістеріңізге біздің елімізде ғана емес, сонымен қатар, шетелдіктер тәнті болып отыр. Әлемде жүздеген миллион халық сіздің жекпе-жектеріңізді асыға күтіп отырады.

Бүкіл қазақстандық спортшылар мен жеке өз атымнан Сізді кезекті жеңісіңізбен құттықтаймын! Сізге мықты денсаулық, сәттілік және жаңа жеңістер тілеймін!», - деп жазылған министрдің құттықтау хатында.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин WBA чемпиондық белбеуін осы жолы 16-рет, IBO – 13, WBC (Interim) – 4 және IBF белбеуін алғаш рет қорғады. Головкин бүгінге дейін кәсіпқой бокста 35 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетсе, 32 қарсыласын нокаутпен жеңіп отыр.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;