русский язык
Бокс

35-ші жеңіс! Уэйд екі раундқа шыдамады (ВИДЕО)

 35-ші жеңіс! Уэйд екі раундқа шыдамады (ВИДЕО)
WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен IBF белбеуіне үміткер, жеңіліс дәмін татып көрмеген американдық Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жек 2-ші раундта GGG-дің жеңісімен аяқталды.
 
Кездесу Головкиннің басымдылығымен басталды. Уэйд қарсыласып баққанымен, Генаның жойқын соққыларына әрең шыдас беріп жатты. Екінші раунд аяқталуға 35 секунд қалғанда Головкин қарсыласына оң қолымен жойқын соққы жасап, нокаутқа түсірді. 10-ға дейін санаған төреші тәнтіректеп, орнынан әрең қозғалған американдық боксшыны4 жекпе-жекті жалғастыра алмайтынын түсініп, кездесуді тоқтатты.
 
Айта кетейік, отандасымыз WBA чемпиондық белбеуін осы жолы 16-рет, IBO – 13, WBC (Interim) – 4 және IBF белбеуін алғаш рет қорғады. Головкин бүгінге дейін кәсіпқой бокста 35 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетсе, 32 қарсыласын нокаутпен жеңген.
 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;