русский язык
Бокс

Головкин Уэйдпен кездесуінен кейін спорттық мансабын аяқтауы мүмкін

Головкин Уэйдпен кездесуінен кейін спорттық мансабын аяқтауы мүмкін
WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин өзінің қазіргі жағдайы мен алдағы спорттағы мансабы туралы айтты, деп жазады Daily Mail басылымы.
 
«Рингтен тыс жерде менің басқа өмірім бар. Бокс - менің жұмысым. Сондықтан, мен оған өте жауапкершілікпен қараймын. Мәселен, мен кеңседе қызмет етсем, ол жерде де дәл солай істер едім.
 
Шаршы алаңға шығу - бұл ойын емес. Менің жарым, балам бар. Мен өз жұмысымда 100 пайыз қырағы болуым керек. Өзімді 35 жасымда 25 жасымдағыдай сезінемін. Ал, 40 жасымда осы спортта қала алам ба?!
 
Сондықтан, Уэйдпен кездесуден кейін спорттық мансабымды аяқтауым мүмкін. Ал, дәл қазір мен өзімді өте жайлы әрі сергек сезінемін», - деді боксшы.
 
Еске сала кетейік, Головкин-Уэйд бокс кеші ертең, 24 сәуірде, таңғы 07:00-де басталады. Жекпе-жекті мына сілтеме бойынша көре аласыз.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;