русский язык
Бокс

Головкин-Уэйд жекпе-жегін қайдан көре аламыз?

Головкин-Уэйд жекпе-жегін қайдан көре аламыз?
«PROСПОРТ» 24-ші сәуір күні өтетін қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен американдық боксшы Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жекті қайдан көруге болатынын анықтады.
 
Аталмыш кездесуді қазақстандық бокс сүйер қауым «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан таңғы сағат 07:00-де тамашалай алады. Сонымен қатар, Бүкіләлемдік бокс қауымдастығын YouTube желісіндегі ресми парақшасынан көре аласыздар.
 
Естеріңізге саламыз, отандасымыз WBA чемпиондық белбеуін осы жолы 16-рет, IBO – 13, WBC (Interim) – 4 және IBF белбеуін алғаш рет қорғайды. Головкин бүгінге дейін кәсіпқой бокста 34 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетсе, 31 қарсыласын нокаутпен жеңген.
 
Сонымен қатар, қос боксшының бұл жекпе-жектен қанша гонорар алатыны белгілі болған еді. 34 жастағы жерлесіміз бұл кездесуі үшін 2 миллион доллар гонорар алса, 26 жастағы Уэйд 500 мың доллар алмақ.
 
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;