русский язык
Бокс

«Геннадий Головкин – нағыз құбыжық». GGG туралы қызықты пікірлер

«Геннадий Головкин – нағыз құбыжық». GGG туралы қызықты пікірлер

WBA, IBF және IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин жақын арада өзінің 35-ші жекпе-жегі үшін рингке шығады. Қазақстандық чемпион туралы әлемдік мамандар, боксшылар түрлі пікірлер айтып жүр. «PROСПОРТ» оқырмандарына Головкин туралы қызықты цитаталарды ұсынамыз.

Madison Square Garden өкілі Джоэл Фишер Головкин туралы алғаш қашан естігенін айтты:

«2012 жылдың ақпанында Том (Том Леффлер, Головкиннің промоутері – Авт.) маған келіп, «Менде тамаша боксшы бар» деп айтты. Енді біз сол боксшыға үй болғымыз келеді».

Golden Boy өкілі Бернард Хопкинс Головкин – Лемье жекпе-жегінің алдында:

«Бұл жігіттердің нокауттар көрсеткішін ескерер болсақ, сіздерде попкорн жеуге уақыт та болмайды. Мен орта салмақты жақсы қолдарға қалдырдым».

Ал атақты боксшы Майк Тайсон Генаны «аңыз кейіпкер болуға жақын» деп санайды:

«Орта салмақтағы қазақстандық чемпион Геннадий Головкинді алайық. Оның бойында беймәлім қорқыныш бар, психологиялық қысым мен тылсым фактор оған жұмыс жасайды. Ол туралы ақпарат аз. Бірақ бұған қарамастан, ол аңыз кейіпкер болуға жақын қалды».

НВО сарапшысы Нэт Готтлиб Геннадийдің мүмкіндіктері туралы:

«Головкин америкалық рингке келіп, барлық төрт қарсыласын тамаша әдіспен нокаутқа жібермес бұрын, оны АҚШ-та ешкім танымады. Бұл жігіттің мүмкіндіктерінде шектеу жоқ. Оның бір ғана қиындығы бар – бұл қарсылас табу».

Британиялық боксшы Карсон Джонс, америкалық Серхио Мора және кубалық Эрисланди Лара Головкиннің күшін қысқа ғана сипаттады:

«Геннадий Головкин – нағыз құбыжық».

Ресейлік кәсіпқой былғары қолғап шебері Григорий Дрозд GGG-дің рингтегі тәсілі туралы айтты:

«Оның мынадай бір қыры бар: ол айдаһар жылан секілді қозғалады. Жақындайды, қасыңда тұрған секілді, бірақ өте жақсы қорғанады. Ол сенің соққыңа не төтеп береді, не өзін ыңғайлы аймақта ұстайды. Бірден қарама-қарсы соққы жасайды. Дәл осындай қысым – Геннадийдің көзірі».

Әлемнің бұрынғы чемпионы Фернандо Варгас кіші Флойд Мейуэзерді жеңе алатын тек Головкин деп есептейді:

«Головкин дәл Майк Тайсон секілді, оған ешкім қарсы тұра алмайды. Мейуэзер де – тамаша боксшы, бірақ ол Головкиннен жеңіліп қалады деп ойлаймын».

Аргентиналық Серхио Робертс Геннадий Головкиннің кәсіпқой бокстағы рөлін қысқаша ғана анықтап берді:

«Головкин – орта салмақтың патшасы».

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жек 23 сәуірде Лос-Анджелестегі «Форум» аренасында өтеді. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;