Геннадий Головкин: «Мэйвезердің пинг-понг стилі маған ұнамайды»
![Геннадий Головкин: «Мэйвезердің пинг-понг стилі маған ұнамайды»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1461312114_443693559.jpg?v=28707144)
Орта салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBF пен WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Флойд Мэйвезерді нокаутпен ұта алатынын айтты.
«Мэйвезердің пинг-понг стилінен қарағанда Оскар де ла Хойяның стилі көбірек ұнайды. Өзімнің күшім мен стилімді білемін, Мэйвезердің Майданаға қарсы жекпе-жегін көрдім. Маркостың бір соққысынан кейін Флойдтың «билегені» әлі есімде. Мэйвезерді нокаутпен ұтатын ең жоғары мүмкіндік менде деп ойлаймын. Мэйвезер менімен жекпе-жек жеңіл жұмыс деп айтқан болатын. Өтініш, сол жеңіл жұмысыңды көрсетші маған», - деді Головкин.