русский язык
Бокс

Геннадий Головкин: «Альварес жекпе-жекке дайын болмаса, белбеуімді өзіме берсін»

Геннадий Головкин: «Альварес жекпе-жекке дайын болмаса, белбеуімді өзіме берсін»

Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альваресті өзімен жұдырықтасуға немесе титулды өзіне беруге шақырды. Бұл туралы Тengrinews.kz ақпараттық порталы мәлім етті.

«Канело» жекпе-жекке қазір дайын емес пе? Онда белбеуімді өзіме берсін! Немесе мұнда кімнің үздік екенін маған көрсетсін! Ол үшін аралық салмақта жұдырықтаспайсын, орта салмақ - 160 фунт», - деді боксшы.

Еске салайық, Головкин WBC чемпионы титулына негізгі үміткерлердің бірі. Белбеудің иесі Альварес 7 мамырда Лас-Вегаста ұлыбританиялық Әмір Ханмен жұдырықтасып, осы титулды қорғайды. Жекпе-жектің жеңімпазы Головкинмен кездесуге міндеттелді. Дегенмен Альварес қазақстандық боксшымен аралық салмақ дәрежесінде ғана жұдырықтасатынын айтып отыр.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;