русский язык
Бокс

Қызылордада аралас жекпе-жектен халықаралық турнир басталады

Қызылордада аралас жекпе-жектен халықаралық турнир басталады

23 сәуір күні Қызылордада «Еуразия» спорт кешенінде аралас жекпе-жектен «Жаужүрек алаш ұрпағы» халықаралық турнирі өтеді. Биылғы жылы үшінші мәрте ұйымдастырылатын турнирге Қазақстан  құрама командасының спортшыларымен қатар, Ресей, Грекия, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан  жекпе-жек өнерінің шеберлері бақ сынасады.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, 22 сәуір сағ.15.00-де студенттер сарайында әскери самбодан 3 дүркін Әлем чемпионы  Арман  Оспанов, One FC-дан Әлем чемпионы Қайрат Ахметов сынды спортшылардың қатысуымен  баспасөз-мәслихаты, содан кейін жарысқа қатысушылардың салмақ өлшеу рәсімі өтеді.

Турнирдің  басталуы 23 сәуір сағ.19.30-да «Евразия» спорт кешенінде болмақ.

Дүбірлі бәсекені «KAZsport» және «Матч! Боец» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;