русский язык
Бокс

Ермахан Ыбырайымов: «Геннадий Головкин 5-ші раундта жеңіске жетеді»

Ермахан Ыбырайымов: «Геннадий Головкин 5-ші раундта жеңіске жетеді»
Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов Геннадий Головкин мен америкалық Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жеке өз болжамын жасады.
 
«Геннадий Головкин америкалық боксшы Доминик Уэйдке қарсы жекпе-жектің бесінші раундында жеңіске жетеді. Қарсыласының ұзаққа шыдай қоюы екіталай.  Жалпы, менің Уэйдке қатысты пікірім екіұшты. Бір жағынан, Уэйд - біздің боксшымызға лайық қарсылас емес. Қазіргі таңда Геннадиймен тең ұрысуға төрт-ақ боксшының шамасы келеді. Олар - Сауль Альварес, Флойд Мейвезер, Сергей Ковалев және Дмитрий Пирог.
 
Ал, Уэйдке Генаның деңгейіне жету үшін әлі өсу қажет. Екінші жағынан, Геннадий секілді әлемдегі үздік боксшылардың біріне қарсы шығудан жүрексінбеуі - Уэйдтің де батыл жігіт екенін көрсетеді. Сол үшін де оны Генаға лайықты қарсылас деп есептеуге болатын шығар...», - дейді Е.Ыбрайымов «Қазақстан» ұлттық арнасына.
 
Естеріңізге сала кетсек, WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) 23 сәуір күні (Астана уақытымен 24 сәуір) америкалық боксшы Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы жекпе-жекке шығады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;