русский язык
Бокс

Бейбіт Шүменов 28 мамырда Влодарчикпен кездесуі мүмкін

Бейбіт Шүменов 28 мамырда Влодарчикпен кездесуі мүмкін

WBC нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Кшиштоф Влодарчик мамыр айының соңында рингке оралуы тиіс.

Боксшы келесі кездесуін осы жылдың 28 мамырында өткізеді деп күтілуде.

Бұл ақпарат әзірге ресми расталған жоқ. Влодарчиктің қарсыласы кім болатыны да белгісіз. Алайда Кшиштоф WBA нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменовпен кездесуі мүмкін.

Влодарчик әлем чемпионы атану үшін қолынан келгенін жасайтынын айтты.  

 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;