русский язык
Бокс

Боб Арум Головкин-Рамирес жекпе-жегін ұйымдастырмақшы

Боб Арум Головкин-Рамирес жекпе-жегін ұйымдастырмақшы

Top Rank промоутерлік компаниясының президенті Боб Арум қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық былғары қолғап шебері Хильберто Рамирес арасындағы жекпе-жекті ұйымдастырғысы келетінін айтты. 

Жақында ғана германиялық боксшы Артур Абрахамды жеңген мексикалық Хильберто Рамирестің промоутері Боб Арум қазақстандық Геннадий Головкиннің батылы жетсе, онымен кездесу ұйымдастыруға дайын екенін айтқан болатын. 

Ал қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер Top Rank компаниясының Головкин-Рамирес жекпе-жегін ұйымдастыру жайлы ұсыныс жібергенін растады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;