русский язык
Бокс

Геннадий Головкин P4P рейтингісінде бірінші орында тұр

Геннадий Головкин P4P рейтингісінде бірінші орында тұр

Танымал International Business Times халықаралық басылымы 2016 жылдың алғашқы тоқсанына P4P рейтингісін жариялады.

Рейтингіде WBA,IBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин көш бастады. Екінші орынды Роман Гонсалес еншілесе, Андре Уорд үздік үштікті түйіндеп тұр.

«Орта салмақта әлем чемпионы өзі қолғап түйістірген қарсыластарының бәрінен басым түсті. Соның бірі ретінде нокаутпен жеңген Давид Лемьемен арадағы кездесуін атауға болады. 23 сәуірге көзделген Доминик Уэйдпен жекпе-жегі ұзаққа созылмауы тиіс. Егер осы жылдың екінші жартысында Саул «Канело» Альвареспен кездесетін болса, оны да жеңеді», - деп жазылған мақалада.

 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;