русский язык
Бокс

Геннадий Головкиннің біз білмейтін 10 сыры

Геннадий Головкиннің біз білмейтін 10 сыры
Назарларыңызға кәсіпқой бокстан WBA, IBF, IBO және WBC нұсқалары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин жайлы 10 деректі ұсынамыз.
 
1. Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы алғашқы жорығын осыдан 10 жыл бұрын бастады.
2. 2009 жылы 12 раундтық жекпе-жекке өтті. WBO атағы бойынша сынға түскен жерлесіміз бразиялық қарсыласы Джон Карвальоны 2-ші раундта-ақ нокаутқа түсірді.
3. Американың атақты НВО телеарнасы 2012 жылдан бастап Головкиннің барлық жекпе-жектерін көрсетіп келеді. Осылайша Генаның да даңқы аспандай бастады. Кей сәттерде жарыс жақындағанда трипл джидің қарсыластары бас тартып жатты. Бірақ Гена белгіленген уақытқа басқа боксшыны табатын.
4. 18 жасында Будапештте өткен жастар арасындағы турнирде Әлем чемпионы атанды.
5. 2004 жылы Афины Олимпиадасынан күміспен оралды. 7 рет өз салмағында ел чемпионы атанды. «А» санатындағы турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы.
6. Бокста «Джи-джи-джи» деген лақап атқа ие Гена қазір Калифорнияда тұрады. Осыған дейін кәсіпқой рингте 34 рет кездесу өткізіп, барлығын да жеңіске жеткен. Оның 31-ін нокаутпен аяқтады. Тіпті қарсыластары Геннадийді ғаламтор беттерінде мазақ етіп те жүрді. Аяғын аңдып басып, әрбір соққысын межеге дөп тигізетін дарынды боксшы «мазақ еткендердің» талайын есеңгіреткен.
7. Геннадий қарапайым отбасынан шыққан. Әкесі кенші, анасы химиялық зертханада көмекші болып жұмыс істеген. Геннадийді боксқа алып келген ағалары. Туған бауыры Максим екеуі бір салмақта өнер көрсетті. Егер екеуі де келесі кезеңге өтіп жатса, ағайынды Головкиндердің біреуі жарысты жалғастырудан бас тартатын.
8. Гена алғашқы жекпе-жегін 11 жасында өткізді. Өзінен әлдеқайда үлкен боксшыны жеңіп, облыс чемпионы атанды. Геннадий 2000 жылы Будепештте өткен жасөспірімдер арасындағы турнирде Әлем чемпионы атағын жеңіп алды. 2001 жылы Шығысазия ойындарында да топ жарды. Осы жылдың 23 сәуір күні Доминик Уэйдпен қолғап түйістіреді.
9. «Madison Square Garden» аренасы ең мықты боксшылардың ордасы саналады. Өзінің атағын қорғау үшін дәл осы аренада жерлесіміз бірнеше жекпе-жек өткізді. Атақты Габриел Росадо, Нобухиро Исида, Мэтт Маклин, Кертисс Стивенс, Осамуну Адама, Дэниел Гилл, Марк Антонио Рубио, Мартин Мюррей, кіші Вилли Монро сынды теңдессіз былғары қолғап шеберлерінің өзін сан соқтырып, талайын нокаутқа түсіргені тағы бар. Геннадий болашақта киноға түсу ойымда бар дейді. Головкин күні кеше ғана ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесінің Елшісі атанды.
10. 8 сәуір туған күнін атап өтетін Геннадий Головкин әуесқой рингте 350 жекпе-жек өткізіп, оның 345-нде жеңіске жетіпті. Ал кәсіпқой жекпе-жектерінің саны 34. Әзірге жеңілген жоқ. Генаның соңғы жекпе-жегін көру үшін Лос-Анджелестегі StubHub Center аренасына 9323 адам жиналса, тікелей эфир арқылы жекпе-жекті әлемнің 120 мемлекеті тамашалаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;