Головкин - Уэйд жекпе-жегінің барлық билеттері сатылып кетті
![Головкин - Уэйд жекпе-жегінің барлық билеттері сатылып кетті](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1460281201_251882536.jpg?v=28713019)
Лос-Анджелесте 23 сәуір күні орт салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) мен америкалық Доминик Уэйд арасында үлкен жекпе-жек болады.
Қазақстандың боксшының Twitter-інде хабарланғандай, билеттердің барлығы дерлік сатылып кеткен. Жанкүйерлердің сұрауы бойынша ұйымдастырушылар қосымша билеттер шығарған.