русский язык
Бокс

Жақиянов Алматыда жекпе-жек өткізуді жоспарлауда

Жақиянов Алматыда жекпе-жек өткізуді жоспарлауда

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов (26-1-0) биыл күзде Алматыда жекпе-жек өткізуі мүмкін.

BNews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, 32 жастағы боксшымыздың карьерасын ілгерілетуді өз қолына алған әйгілі боксшы Рикки Хаттонның промоутерлік компаниясы Қазақстанмен осы бокс кешін өткізу жайлы келіссөздер жүргізіп жатыр.

Қазір Жақиянов келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Алайда, ол қарсыласының есімін әзірге жарияламай, құпия ұстап отыр.

«Келесі кездесудегі қарсыласымның есімін әзірге айта алмаймын. Жуырда бәрі белгілі болады, сонда өздеріңіз естисіздер», - дейді қазақстандық боксшы.

Дегенмен, кей деректерге сүйенсек, отандасымыз келесі жекпе-жекте орта салмақтағы WBA тұжырымының чемпионы британиялық Джейми МакДоннелмен күш сынасуы әбден мүмкін.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;