русский язык
Бокс

Том Леффлер: «Альвареспен жекпе-жек ұйымдастыра алмасақ, Головкин Сондерспен жұдырықтасады»

Том Леффлер: «Альвареспен жекпе-жек ұйымдастыра алмасақ, Головкин Сондерспен жұдырықтасады»

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек ұйымдастырылмаған жағдайда қазақстандық боксшы WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен жұдырықтасады, деп хабарлайды allboxing.ru.

«Билли Джо Сондерс Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін білдірді, егерде Канеломен жекпе-жек ұйымдастыра алмасақ, Сондерспен келіссөз жүргіземіз, — деп бастады Леффлер. — Бірақ, Канеломен жекпе-жек ұйымдастыру - біздің басты мақсат. WBC титулын алып жатсақ, Сондерспен кездесеміз».

Жартылай орта салмақ дәрежесінде IBF чемпионы британиялық Келл Брук Головкинмен 155 фунтта (70,3 келі) кездескісі келетінін айтты. Леффлердің айтуынша, Геннадийге Бруктан гөрі екінші орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін IBF чемпионы Джеймс Дигейлмен жұдырықтасқан жөн.   

«Эдди Хирн (Дигейлдің промоутері) аталмыш жекпе-жекті ұйымдастыру жайлы хабарласқан. Келл – мықты боксшы, біз оны құрметтейміз. Егерде салмақ мәселесін шеше алсақ, бұл кездесуді ұйымдастыруға болады. Менің ойымша, Келл Бруктан гөрі Джеймс Дигейлмен жекпе-жек ұйымдастыру жеңілірек».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;