русский язык
Бокс

Александр Лебзяк: «Риода Ресей боксшылары үшін Қазақстан - басты қарсылас»

Александр Лебзяк: «Риода Ресей боксшылары үшін Қазақстан - басты қарсылас»

Бокстан Ресей құрамасының бас бапкері Александр Лебзяк Рио олимпиадасына қатысты өз пікірін білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат мәлім етті. 

- Біз ешкімнен қорықпаймыз, бірақ қауіптенеміз. Кубалықтар, қазақтар, өзбектер, пуэрто-риколықтар бар. Соңғы жылда әлемде бокс қарқынды дамып келеді.  Олимпиадаға Қазақстан, Украина және Кубадан баратын боксшылардың барлығы медаль алуға мүмкіндігі бар. Біз олимпиада кезінде үздік үштікке енуге тырысамыз, - деді ресейлік маман.

Мырзағали Айтжанов баптайтын Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет олимпиадаға он жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;