русский язык
Бокс

Қазақстандықтар Головкин - Уэйд жекпе-жегін телеарнадан көре алмауы ықтимал

Қазақстандықтар Головкин - Уэйд жекпе-жегін телеарнадан көре алмауы ықтимал
Орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Доминик Уэйд жекпе-жегін қазақстандықтардың көре алмау қаупі тұр.
 
Бүгінде ешқандай отандық телеарна бұл жекпе-жектің таратылымына қатысты келісімшарт жасаспаған. Ал Геннадий Головкиннің жекпе-жектерін үзбей беріп жүрген "Қазақстан" телерадиокорпорациясы да, KazSport спорт арнасы да бұл жекпе-жекке қатысты пікір білдірмей отыр. Корпорация өкілдері қазіргі уақытта жекпе-жектің трансляциясы жайлы мәліметтің жоқ екенін айтты. 
 
Өзге телеарналардың өкілдері де бұл жекпе-жекке қатысты таратылым жайлы келісімнің жоқ екенін айтып отыр. Еске сала кетейік, Головкиннің Доминик Уэйдке қарсы жекпе-жегі 24 сәуірде (Қазақстан уақыты бойынша) Лос-Анджелесте өтеді. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;