русский язык
Бокс

Олимпиадаға 10 қазақстандық боксшы қатысады

Олимпиадаға 10 қазақстандық боксшы қатысады
Қытайдың Цяньян қаласындағы лицензиялық жарыс мәресіне жетті.
 
Турнирдің соңғы күнінде екі қазақстандық боксшы Олимпиада жолдамасын ұтты.
 
56 келі салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері Қайрат Ералиев пен 52 келі салмақтағы Олжас Сәттібаев Рио Де Жанейроға лицензия алды. Бұған дейін, Абылайхан Жүсіпов, Жәнібек Әлімханұлы, Әділбек Ниязымбетов және Иван Дычко жолдама иеленген.
 
2015 жылы басқа да іріктеу жарыстарда Біржан Жақып, Берік Әбдірахманов, Данияр Елеусінов пен Василий Левит Олимпиадаға бару мәселесін шешіп тастаған. Айта кетейін, Қазақстанның ерлер құрамасы тұңғыш рет Олимпиадаға толық құраммен қатысады.
 
Ал әйелдер арасында 75 келі салмақтағы Дариға Шакимова ғана Қытайдағы жарыста лицензия ұтты.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;