«Astana Arlans» - «Uzbek Tigers» кездесуінде жұдырықтасатын боксшылар белгілі болды
«Astana Arlans» пен «Uzbek Tigers» командалары Бүкіләлемдік бокс сериясы чемпионаты (WSB) аясында Өскеменде 2 сәуірде болатын матчқа қатысатын өз құрамдарын жариялады.
52 кг: Азат Махметов VS Аброрджон Кадыров
60 кг: Закир Сафиуллин VS Эльнур Абдураимов
69 кг: Асланбек Шымбергенов VS Махмуд Гаипов
81 кг: Арман Рысбек VS Шухрат Абдуллаев
91+ кг: Камшыбек Күнқабаев VS Мирзохиджон Абдуллаев
Еске сала кетсек, бұдан бұрын «арландар» бапкері Нұрлан Ақүрпеков Ташкенттегі кездесудің қарымтасын қайтаруға уәде берген болатын. 27 ақпанда өткен матч 4:1 есебімен өзбек командасының пайдасына шешілген еді.
Бокс кеші сағат 17:00-де «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
ҚазАқпарат