русский язык
Бокс

Қазақстандық екі боксшы Олимпиада жолдамасын алды

Қазақстандық екі боксшы Олимпиада жолдамасын алды
Рио-де-Жанейро (Бразилия) Олимпиадасына Азиядан боксшылар іріктелуде.
 
Қытайдың Цяньян қаласында өтіп жатқан жарыста 64 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда қытайлық Цянксун Худы 3:0 есебімен жеңіп, финалға шықты. 
 
75 келі салмақта 2013 жылғы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы да 1/2 финалда Шинебаяр Нармандах​ды (Моңғолия) жеңді. Төреші екінші раундтан кейін кездесуді тоқтатып, Әлімханұлына техникалық жеңіс жазды. 
 
Осылайша, Әлімханұлы мен Жүсіпов олимпиада жолдамасын иеленді. Ал 56 килограмда Қайрат Ералиев үндістандық Шива Тападан жеңілді. Енді ол филиппиндік Марио Фернандеспен қосымша бір жолдамаға таласу үшін кездесу өткізеді.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;