русский язык
Бокс

Владимир Кличко: «Мүмкін болса, Рио Олимпиадасына қатысамын»

Владимир Кличко: «Мүмкін болса, Рио Олимпиадасына қатысамын»

Ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Владимир Кличко Тасан Фьюримен қайта жекпе-жек өткізуіне кедергі келтірмесе, Рио Олимпиадасына қатысуға дайын екенін айтты.

«Кәсіпқой боксшыларға Риода өнер көрсетуге рұқсат беру дұрыс деп ойлаймын, бірақ бұл әлі толық шешілген жоқ. Көптеген кәсіпқой былғары қолғап шеберлеріне әуесқой боксшылардың стиліне қатысты қиындық туатынына сенімдімін.

Менің ең бірінші мақсатым – Фьюриден реванш алу. Егер менің жоспарыма кіріп жатса, Риода да өнер көрсету ойымда бар. Мүмкіндігім болып жатса, сол жақта боламын. Атлантадағы «алтынымнан» кейін 20 жыл өткен соң тағы да Олимпиадаға қатысу ғажайып болмақ, - деді Кличко. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;