русский язык
Бокс

WBA рейтингісі жаңарды. Қазақстандық боксшылар өз орындарында қалды

WBA рейтингісі жаңарды. Қазақстандық боксшылар өз орындарында қалды

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың рейтингісін жариялады.

Аталмыш рейтингіде қазақстандық боксшылар өз орнында қалды. Жанат Жақиянов ең жеңіл салмақта көш бастап тұр. Ал жартылай орта салмақта өнер көрсететін Жанқош Тұраров 14-ші орында. Қанат Ислам бірінші орта салмақта 7-ші орында қалды. Ал Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақ дәрежесінде бірінші орында келеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;