русский язык
Бокс

Николай Валуев: «Қазақстан - бұл бокстың Меккесі»

Николай Валуев: «Қазақстан  - бұл бокстың Меккесі»

Астанада белгілі боксшы Николай Валуев жас спортшылармен, сондай-ақ, бокстан Қазақстан құрамасының мүшелерімен кездесті.

«Балалармен, жас спортшылармен кездесуге қашан да қуана келісемін. Қазақстанға нешінші рет келіп тұрғанымды бүгінде санамаймын да. Олимпиадаға дайындалып жатқан бокстан Қазақстан құрамасының спортшыларымен кездестім. Олар үлкен бәсекелестік тудыратынына сенімдімін. Мен қашан да айтып жүретінмін, тағы да айтайын: Қазақстан  - бұл бокстың Меккесі. Көптеген спортшылар, оның ішінде кәсіби рингке шығып жүргендердің көбі Қазақстаннан шыққан», - деді Валуев кездесуде.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;