Сауль Альварес: «Головкинмен жекпе-жек болады, бірақ оған уақыт керек»
![Сауль Альварес: «Головкинмен жекпе-жек болады, бірақ оған уақыт керек»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1458377939_474087194.jpg?v=28722800)
WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес өз жаттығуларының бірінен соң қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек туралы пікірін айтты.
«Бұл жекпе-жек кез келген жағдайда өтеді, бірақ оған уақыт керек. Мұнда келіссөздер өте көп, әр түрлі бизнес тұрғысы да есептеледі. Бұның бәрі уақытты алады, бірақ жекпе-жек өтеді», - деді «Канело».
Естеріңізге сала кетсек, дәл осындай пікірді Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя да айтқан болатын.