русский язык
Бокс

Том Леффлер: «Головкиннің кездесулерінде билет құнын қол жетімді қылуға тырысамыз»

Том Леффлер: «Головкиннің кездесулерінде билет құнын қол жетімді қылуға тырысамыз»

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер 23 сәуірде өтетін бокс кешіндегі билеттердің бағасы туралы пікірін айтты.

«Геннадий Головкин мен Роман Гонсалес – бокстағы ең үздік комбинация... Геннадийдің фанаттық базасы бар, адамдарл оның жекпе-жектерін көргісі келеді. Фанаттар оның кездесуін тамашалап, нокауттар сериясын жалғастыра ала ма, жоқ па, көргісі келеді. Оның әр кездесуінде билеттердің құнын қол жетімді қылуға тырысамыз. Кей жанкүйерлер мұндай жекпе-жектерге бара алмайды, сондықтан осындай бағадағы билеттер оларға мүмкіндік береді», - деді Леффлер.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Уэйд арасындағы жекпе-жектің билеттері 30 доллардан басталады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;