русский язык
Бокс

Фернандо Варгас: «Головкинді тек Флойд Мейуэзер ғана жеңе алады»

Фернандо Варгас: «Головкинді тек Флойд Мейуэзер ғана жеңе алады»

Бірінші орта салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Фернандо Варгастың айтуынша, қазақстандық Геннадий Головкинді жеңе алатын жалғыз адам кіші Флойд Мейуэзер ғана.

«Головкин, расымен де, өте мықты. Ол Майк Тайсон сияқты, оның алдына шығу қиын. Флойд Мейуэзер - шебер боксшы. Оны ешкімнің жеңе алмайтынына сенімдімін. Головкинді соққыға жыға алатын адам сол болуы мүмкін», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін 23 сәуірде Лос-Анджелесте америкалық Доминик Уэйдке қарсы өткізеді.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;