русский язык
Бокс

Бақтияр Эюбовтың қарсыласы белгілі болды

Бақтияр Эюбовтың қарсыласы белгілі болды

15 сәуірде Нью-Йоркте қазақстандық 29 жастағы боксшы Бақтияр Эюбов кәсіпқой рингтегі кезекті жекпе-жегін өткізеді.

Бақтияр америкалық 28 жастағы Самуэль Тихпен күш сынасады. Ол 7 кездесуде жеңіске жетіп, тағы бір кездесуді жеңіспен және тең аяқтаған. 8 раундтан тұратын кездесу бірінші жартылай орта салмақ (63,5 кг дейін) аясында өтеді.

Айта кетейік, аталмыш жекпе-жекті америкалық беделді телеарна Show Time тікелей эфирде көрсетеді.

Бақтияр Эюбов бүгінде 10 кездесу өткізіп, бәрін де мерзімінен бұрын аяқтаған.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;