русский язык
Бокс

Дариға Шәкімова: «Басты мақсат - Олимпиада ойындарына жолдама алу»

Дариға Шәкімова: «Басты мақсат - Олимпиада ойындарына жолдама алу»

Бокстан әйелдер арасында екі дүркін Азия чемпионы Дариға Шәкімова Қазақстан бокс Федерациясының ресми сайтына Қытайдағы лизенциялық турнир мен алдағы әлем чемпионатына дайындығы жайлы айтып берді. 

- Дариға, жақында ғана сіз Қазақстан чемпионатын ұтып алдыңыз. Жеңістен кейінгі көңіл-күйіңіз қандай? 

 - Қазақ боксында бәсекелестік жыл сайын жоғарылап келеді. Бұл әйелдер боксына да қатысты. Жаттығулардың арқасында Қазақстан чемпионатында жеңіске жеттім. Енді алда екі маңызды турнир күтіп тұр - Әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындары. Бұл жарыстарға өте тыңғылықты дайындалудамын.

- Қытайдағы лизенциялық турнирге дайындық қалай өтуде? 

- Бәрі ойдағыдай. Турнир өте тартысты болмақ. Басты мақсат - Рио Олимпиадасына жолдама алу. Қарсыластарымды мұқият зерттедім. 

- Астанада өтетін Әлем чемпионатына қойған мақсатыңыз қандай? 

- Астанада үздіктер қатарына ену үшін бар күшімді саламын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;