русский язык
Бокс

Геннадий Головкин: «UFC-де маған Кейн Веласкес пен Ронда Роузи ұнайды»

Геннадий Головкин: «UFC-де маған Кейн Веласкес пен Ронда Роузи ұнайды»

Кәсіпқой бокстан WBA, IBF, IBO, WBC Interim тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин болашақта ережесіз жекпе-жекте өнер көрсетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды sport.bigmir.net.

«Бокстан тыс маған баскетбол, теннис пен UFC ұнайды. Жалпы, ережесіз жекпе-жек кездесулерін жиі көріп, бос уақытта өзімде бұл спорт түрімен айналысамын. Мен күрескенді ұнатамын. Бала кезімде жеті жылдай күреске қатысқанмын. Бәлкім, болашақта ережесіз жекпе-жекте бақ сынап көремін.   

Маған UFC-де Кейн Веласкес пен Ронда Роузи ұнайды. Кейн өте мықты спортшы. Рондамен грепплингтен жаттығу кезінде жүздескенбіз. Бірақ онымен күрескен жоқпын, мен үшін ол тым мықты қарсылас (күледі). Роузидің дзюдосы керемет», — деді Головкин MMApunch сайтына берген сұхбатында. 

Естеріңізге сала кетсек, Головкин келесі кездесуін сәуірдің 23-і америкалық Доминик Уэйдке қарсы өткізеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;