русский язык
Бокс

Максим Бурсак: «Егер Сондерсті жеңсем, Головкинмен міндетті түрде жұдырықтасамыз»

Максим Бурсак: «Егер Сондерсті жеңсем,  Головкинмен міндетті түрде жұдырықтасамыз»

Британиялық Билли Джо Сондерспен WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын сарапқа салатын украиналық боксшы Максим Бурсак болашақ қарсыласы туралы пікірін айтты.

«Билли Джо Сондерс жақсы боксшы, бірақ онда ерекше ештеңе жоқ. Шыны керек, өте көп сөйлейді екен», - деді Бурсак.

Сонымен қатар, ол британиялықты рингте қысымға алатынын және кездесуде нокаутпен жеңуге тырысатынын мәлім етті.

«Егер Сондерстен белбеуді тартып алсам,  Головкинмен міндетті түрде жұдырықтасамыз», - деді украиналық боксшы.

Естеріңізге сала кетсек, Максим Бурсак 30 сәуірде Лондон қаласында Билли Джо Сондерспен күш сынасады. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;