русский язык
Бокс

Баррера Уордты нокаутпен ұтатынына сенімді

Баррера Уордты нокаутпен ұтатынына сенімді

33-жастағы кубалық боксшы Салливан Баррера наурыздың 26-ы Оклендте америкалық былғары қолғап шебері Андре Уордты ұтатынына сенімді екенін айтты, деп хабарлайды allboxing.ru.

«Андре Уордты өте қиын жекпе-жек күтіп тұр. Менің соққыларым өте ауыр. Үнемі шабуылдап, соңғы раундтарда Андрені нокаутқа құлатамын. Уорд Пол Смитпен қиналды, ал менің деңгейім Смиттен қарағанда әлдеқайда жоғары», - деді кубалық боксшы.

Естеріңізге сала кетсек, Салливан Баррера Головкиннің бапкері Абель Санчестің шәкірті. Кубалық боксшы қазіргі таңда Геннадиймен бірге «Биг-Беар»-де келесі жекпе-жектеріне дайындалуда.   

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;