русский язык
Бокс

Билли Джо Сондерс: «Жазда Головкинмен жұдырықтасқым келеді»

Билли Джо Сондерс: «Жазда Головкинмен жұдырықтасқым келеді»

Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесінде WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (23-0, 12 КО) украиналық Максим Бурсакты (32-4-1, 15 КО) жеңген соң қазақстандық Геннадий Головкинмен (34-0, 31 КО) жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп хабарлайды vringe.com.

«Маған жиі бокстасу қажет. Максим Бурсакты жеңген соң үлкен жекпе-жек өткізгім келеді. Өткен аптада промоутерім Фрэнк Уорренмен кездесіп, жазда Геннадий Головкинмен жұдырықтасқым келетінін айттым», - деді британиялық боксшы. 

Естеріңізге сала кетсек, Головкин өзінің келесі жекпе-жегін сәуірдің 23-і Доминик Уэйдке қасы өткізеді. Ал қыркүйек айында Геннадий мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасады деп күтілуде. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;