русский язык
Бокс

Қазақстандық боксшы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық боксшы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Ержан Жомарт халықаралық «Странджа» турнирінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының сайтында хабарланды. Айта кетейік, турнир 22-28 ақпан аралығында Болгарияда өткен.

Тengrinews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, финалда Ержан Жомарт әуелі қытайлық спортшы (2:1) Лю Бинді жеңіп, кейін шаршы алаңның иесі Тинко Банабаковты 3:0 есебімен ойсырата ұтты.

Осы турнирде өнер көрсеткен қазақстандық өзге спортшылар жүлделі орындардан көріне алмады. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жақсылық Ілиясов өзбекстандық Хуршиу Тожибаевтан жеңіліп, жарыс жолынан ерте шығып қалса, Бекзод Халмедов (69 келі), Алмасбек Әлібеков (64 келі) және Вадим Казаков (81 келі) жартылай финалға дейін ғана өнер көрсетті.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;