русский язык
Бокс

«Астана арландары» «Өзбек жолбарыстарына» жол берді

«Астана арландары» «Өзбек жолбарыстарына» жол берді

Ташкент төрінде Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) жобасының алтыншы маусымы аясында «Өзбек жолбарыстары» («Uzbek Tigers») командасымен  кездескен «Астана арландары» 4:1 есебімен ұтылып қалды.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, шаршы алаңға ең бірінші болып көтерілген Теміртас Жүсіпов (49 келі) Хасанбой Дусматовқа 0:3 (45:50, 45:50, 45:50) есебімен есе жіберді. Одан кейін шаршы алаңға көтерілген боксшымыз  Мейірболат Тойытов та (56 келі) Абдулхай Шарахматовқа төтеп бере алмады. 64 келі салмақ санатында шаршы алаңға шыққан Асхат Уәлиханов (64 келі)  Фазлиддин Мелибоевтен ұтылды. Ал Еркін Мұхамеджан (91 келі) өзбек боксшысы Мирзабек Хасановтің жолын кесуге қауқары жетпеді.  Астана арландары сапынан тек Мейірім Нұрсұлтанов (75 келі) қана қарсыласы Хуршид Норматовтан басым түсті.

Айта кетерлігі, Астана арландары енді 4 нурыз күні «Azerbaijan Baku Fires» боксшыларымен шаршы алаңда кездесетін болады.

 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;