русский язык
Бокс

WBC Президенті Головкин-Альварес жекпе-жегі қай салмақта өту керектігін нақтылады

WBC Президенті Головкин-Альварес жекпе-жегі қай салмақта өту керектігін нақтылады
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің Президенті Маурисио Сулейманның пікірінше, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы жепе-жек аралық салмақта болу керек.
 
«Орта дивизион — 160 фунт екендігін көп елдер түсіне бермейді. Егер олар басқа салмақта жұдырықтасамыз десе, бұл өздерінің шешімі. Сырттан көп әңгіме айтылуда, алайда оның бәрі ұйымдастырушыларға тікелей әсер етпейді. Орта салмақ — 160 фунт. Егер де боксшы 154 пен 159 фунт аралығында жұдырықтасам десе, ешқандай қарсылық көрсетпейміз. Өйткені бұл орта салмаққа тән. Салмақ 160 фунттан аспаса, орта салмақ деп есептеледі», — дейді Сулейман World Boxing News басылымына берген сұхбатында.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;