русский язык
Бокс

Геннадий Головкин Олимпиадаға қатыса ала ма?

Геннадий Головкин Олимпиадаға қатыса ала ма?

Бокстан Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері, бұрын Геннадий Головкинді жаттықтырған Ғалым Кенжебаев кәсіпқой боксшыларды Олимпиадаға қатыстыруға рұқсат беру туралы AIBA шешіміне қатысты пікір білдірді. 

Tengrinews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, Кенжебаев Головкиннің Олимпиада ойындарына өнер көрсетпейтінін айтқан. «Ұлттық құрамаға көмектескісі келетін Головкиннен басқа кәсіпқой боксшыны білмеймін. Дегенмен Головкин мұндай қадамға бару үшін әуесқой боксқа келуіне тура келеді. Әуесқой және кәсіпқой бокста жекпе-жекке дайындалу жүйесі әртүрлі», - деді Ғалым Кенжебаев.

«Оның мақсаты - кәсіпқой бокста шыңдарды бағындыру. Қазір ол бірін екіншісімен шатыстырмайды, орта салмақта барлық титулды жеңіп алуға тырысады. Әрі ұлттық құрамаға ену үшін шараларға қатысып, лицензия жеңіп алуға тура келеді. Мұның бәріне уақыт кетеді. Ал Головкиннің қазір өз жоспарлары бар. Әуесқой және кәсіпқой бокс - екі бөлек дүние», - деді Кенжебаев.

Еске салайық, әуесқой бокстың халықаралық ассоциациясы (AIBA) кәсіпқой боксшыларға Олимпиада ойындарына қатысуға түбегейлі рұқсат берген болатын. AIBA президенті Ву Чинг-Куоның айтуынша, кәсіпқой боксшылар биыл жазда Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға да қатыса алады. Алдағы бірнеше ай ішінде кәсіпқой боксшылардың Олимпиадада бақ сынауына кедергі болатын барлық мәселе түбегейлі шешіледі.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;