русский язык
Бокс

Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың төртінші перзенті дүниеге келді

Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың төртінші перзенті дүниеге келді

Олимпиада чемпионы және Вэл Баркер Кубогының иегері Бақтияр Артаевтың төртінші перзенті дүние есігін ашты.

«Аллаға шүкір, аман-есен босанды... Екі-үш сағат бұрын ғана босанды. Денсаулығы жақсы. Әйелім маған төртінші баланы, ұлды сыйлады. Сонда қазір менде екі ұл және екі қызым бар. Менің балам нағыз батыр. Салмағы - 5 келі 200 грамм, бойы 64 сантиметр. Мұндай көрсеткіш ешкімде жоқ шығар», - дейді Олимпиада чемпионы.

Тengrinews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, Артаев жұбайының таяу күндері перзентханадан шығарылатынын айтқан. Айта кетейік, Артев Лондонда оқып жатыр - ол қазіргі уақытта демалыста, Ұлыбританияға бір аптадан кейін аттанады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;