русский язык
Бокс

Абель Санчес Головкин Хопкинстің рекордын жаңартады деп үміттенеді

Абель Санчес Головкин Хопкинстің рекордын жаңартады деп үміттенеді

Қазақстандық Геннадий Головкинді жаттықтыратын Абель Санчес өзінің шәкірті Бернард Хопкинстің рекордын жаңартады деп үміттенеді.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, 1996 жылдан 2005 жылға дейінгі мерзімде Хопкинс 20 рет өз атағын қорғаған. Бүгінге дейін Головкин титулын 15 рет қорғады.

«Бізді түрлі факторлар ынталандырады, - деді Санчес. - Орта салмақта титулды қорғау саны бойынша Бернард Хопкинстің рекордын жаңартып, тарихта есіміміздің сақталуына қарсы емеспіз. Нокауттар ретін жалғастыру ойы да қанаттандырады. Егер ол Хопкинстің рекордын жаңартса, мен де тарихтың бір бөлшегі боламын. Қазақстандық жігітті ешкім білмеді, ал қазір оның жекпе-жектерінің билеттері  екі жағалауда да (США) үлкен сұранысқа ие».

 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;