русский язык
Бокс

Америкалық миллиардер Головкин – Альварес жекпе-жегін 80 мыңдық стадионда өткізуді ұсынды

Америкалық миллиардер Головкин – Альварес жекпе-жегін 80 мыңдық стадионда өткізуді ұсынды

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Оскар Де Ла Хойя мен Даллас НФЛ командасының басшысы, америкалық миллиардер Джерри Джонс кездесіп, келіссөз жүргізді.

BNews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, Джонс кездесу барысында биылғы қыркүйекте өтетін Сауль Альварес (46-1-1, 32 КО) пен Геннадий Головкиннің (34-0, 31 КО) жекпе-жегін Далластағы 80 000 көрерменді қамтитын AT&T стадионында өткізуді ұсынды.

Айта кетсек, Джонс бұған дейін Головкиннің өкілдерімен кездескен болатын.

Көпшілік күткен жекпе-жек AT&T стадионынан бөлек Лас-Вегастағы MGM Grand, Нью-Йорктегі Madison Square Garden стадиондарында өтуі мүмкін.

 

 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;