русский язык
Бокс

Кіші Флойд Мейуэзер: «Головкинге Альварестің шартына көну қажет»

Кіші Флойд Мейуэзер: «Головкинге Альварестің шартына көну қажет»

Кіші Флойд Мейуэзердің айтуынша, қазақстандық Геннадий Головкинге мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасу үшін оның шарттарына көну керек.

Естеріңізге сала кетсек, Альварес Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін айтқан, бірақ ол үшін қазақстандыққа 155 фунтқа (70,3 кг) түсу қажет. Ал Головкин болса, жекпе-жектің 160 фунт (72,6 кг) салмақ дәрежесінде өткенін қалайды.

«Канело А тарабы болып саналады. Трипл Джиге 155 фунтқа түсу керек деп есептеймін бе? Әрине. Кейде бір нәрсені алу үшін, басқа бірдеңені құрбан қылу қажет. Шыңға шығу үшін, бір нәрсені құрбандық қылу керек», - деді кіші Мейуэзер.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;