русский язык
Бокс

Джо Кортес: «Головкин мен Канело 2017 жылға дейін шаршы алаңда кездеспейді»

Джо Кортес: «Головкин мен Канело 2017 жылға дейін шаршы алаңда кездеспейді»

Танымал рефери Джо Кортес WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы 25 жастағы мексикалық  Сауль «Канело» Альварес пен WBA (Super), WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы 33 жастағы қазақстандық  Геннадий Головкин биыл шаршы алаңда кездеспейді деп санайды.

«Альварес командасы ақылмен әрекет етіп жатыр деп ойлаймын. Олар аса қауіпті қарсыласпен кездесіп, басын тәуекелге тіккісі келмейді. Өйткені олар бұдан әлдеқайда жеңілірек миллион өзге оппоненттер бар екенін біледі.  Канело жас және Головкинді өзінің келесі қарсыласы ретінде көріп отырған жоқ. Дұрысы 2017 жылға дейін күту керек», - деді Кортес Izquierdazo.com сайтына.

ҚазАҚпарат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;