Қазақстандық клубтар екінші кезеңіндегі қарсыластарын білді
Конференция лигасында сынға түсетін қазақстандық клубтардың екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Елордалық «Астана» бірінші іріктеу кезеңінде «Динамо Ситиден» басым түссе, «Шериф» (Молдова) – «Алюминий» (Словения) жұбының жеңілгенімен күш сынасады.
Семейлік «Елімай» бірінші іріктеу кезеңінде «Алашкерттен» айласын асырса, жолы «ЧФР Клужбен» (Румыния) түйіседі.
Ал қостанайлық «Тобыл» бірден турнирді екінші іріктеу кезеңінен бастайды және «Паневежиспен» (Литва) кім мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойын 23 шілдеде, жауапты матч 30 шілдеде өтеді.
Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» қарсыласы белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или