«Қайсар» украиналық клубтан төрт гол жіберді
![«Қайсар» украиналық клубтан төрт гол жіберді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1455350038_89411683.jpg?v=28671690)
«Қайсар» Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынында алғашқы жолдастық кездесуін өткізді.
Бұл туралы қызылорадық клубтың ресим сайты мәлім етті. «Қасқырлар» украиналық «Карпаты» клубымен күш сынасқан. Матч 0:4 есебімен украиналық клубтың пайдасына шешілді.
Естеріңізге сала кетсек, дәл қазір «Қайсар» Түркияда екінші-оқу жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл команданың бірінші жолдастық кездесуі болатын, алда әлі үш ойын жоспарланған.