Косович: «Сутьескада» тәжірибе жоқ
«Қайрат» пен Черногория құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Небойша Косович ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Чемпиондар лигасы аясындағы «Сутьескаға» қарсы кездесуден не күтетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Сутьеска» үшін бұл – еурокубоктың негізгі кезеңінде ойнайтын алғашқы черногориялық клуб атануға үлкен мүмкіндік. Екі команданы да ұзақ жол, ұзақ ұшу күтіп тұр. Дегенмен мен басымдықты «Қайратқа» беремін – олардың тәжірибесі мол және он жылдан астам уақыт бойы тұрақты жұмыс істеп келе жатқан нақты ойын жүйесі бар», – деді Косович.
Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясында «Қайрат» «Сутьеска» клубына қарсы ойнайды. Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері алғашқы кездесуді 7 немесе 8 шілде күні Алматыда өткізсе, қарымта матч бір аптадан кейін сырт алаңда болады.
31 жастағы Небойша Косович «Қайрат» сапында 72 матчқа қатысып, тоғыз гол соққан және 10 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ алматылық ұжыммен бірге Қазақстан чемпионы атанып, ел Кубогын олжалаған.
«Қайсар» сапына сербиялық ойыншы қосылды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или