17 жастағы талант «Қайрат» сапындағы соңғы матчын өткізеді
Алматының «Қайрат» командасы шабуылшы Дастан Сәтпаевпен қоштасу матчын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Дастан Сатпаевтың «Қайрат» сапындағы қоштасу матчы ертең! Түлегімізді сары-қара құрамында соңғы рет көріп, оның мансабындағы жаңа кезеңге шығарып салатын сәт.
«Орталыққа» келіп, Дастан мен сүйікті командамызға қолдау көрсетіңіздер!» , - деп жазды «Қайраттың» баспасөз қызметі.
Сәрсенбі, 17 маусымда Алматыдағы Орталық стадионда «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының 17-ші тур матчында Петропавлдың «Қызылжарымен» кездеседі.
«Қайраттың» еншісінде 27 ұпай (14 матч), ал «Қызылжардың» еншісінде 15 ұпай (13 матч). Дастан Сәтпаевтың келесі клубы - «Челси».
«Қайсар» сапына сербиялық ойыншы қосылды
«Елімайдың» еурокубоктағы бірінші қарсыласы анықталды